Ағымдағы жылдың 21 қарашасында Тараз қаласында  полицияға, Жамбыл политехникалық колледжінен, Тараз қаласының оқу орнының барлық корпустарына жарылғыш заттар қойылған деген хат түсті.

Бір сағатта жарылатыны туралы telegram парақшасына белгісіз абоненттен хабарлама келген.

Шақырту орнына жедел түрде Полиция департаментінің 22 автоэкипажы, 100 полиция қызметкері, арнайы саперлер мен кинолог мамандары, Төтенше жағдай және жедел жәрдем қызметі жұмылдырылды.

Колледж қызметкерлері мен студенттер және басқа да азаматтар қауіпсіз жерге көшірілді.

Тексеру жұмыстарының нәтижесінде жарылғыш зат анықталған жоқ. Полиция қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабымен (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) тергеп-тексеру амалдары басталды.

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?