Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Сәйкесінше, елімізде бүлдіршіндердің денсаулығына, біліміне және қауіпсіздігіне баса мән беруді және оларға қажетті қолдау көрсетуді мықтап тапсырды.

Осы тұста, шаһарымыздың полицейлері жасөспірімдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біршама бастамаларды жүзеге асырды.
Атап айтқанда, кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Жасөспірім», «Абайлаңыз балалар», «Бала және отбасы», «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шаралары өткізілді.
Сондай-ақ, балалардың құқық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Мен және менің полицейім» акциясы өткізілді. Нәтижесінде, кәмелетке толмағандардың тәрбиесіне қатысты 4897 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, заң жүзінде тиісті шаралар қабылданды.
Бүлдіршіндердің шығармашылық дарынын шыңдау мақсатында түрлі спорттық және шығармашылық сайыстар өткізілді. Оның ішінде, «Полиция -балалар көзімен» және «Ата заңымыз – балалар көзімен» атты сурет байқаулары ұйымдастырылды. Жасөспірімдер департаментімізге келіп полицейдің жұмыс барысымен танысты.
1-маусым балалар күнінде қамқорлығымыздағы №4 балалар үйінің тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтап қайттық. Әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы қызметкерлерімізге қол ұшын созып, аз да болса шын жүректен көмек көрсеттік. Бірнеше бүлдіршіннің бала арманын орындадық.
Осының арқасында, сақшыларымыздың тәртіп пен тәрбиені қатар алып жүре алатын қасиетін байқадық. Олар жұмыста жұрттың баласын жөнге салса, үйде өз баласына үлгілі әке болуы керек. Ал, бала- біздің болашағымыз.. Тал бесіктен дұрыс тәрбие болса, келешегіміз кемел болатыны анық.
Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Қайрат Дәлбеков

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?