«Полицейлердің игі істері»» атты акциясы аясында павлодарлық тәртіп сақшылары балаларға арнап ерекше сыйлық жасады. «Самал» оңалту орталығының тәрбиеленушілері және жұмыскерлері полицейлердің шақыруын қуанышпен қабылдады. Павлодар ауылының «Динамо» шаңғы базасына әр жастағы 30 бала келді.
Атпен жүру арқылы алынатын емнің тиімділігі ғылыми дәлелденген және көп елдерде табысты қолданылуда. Жылқының биополінің арқасында науқас балалардың бұлшық ет тонусы төмендейді, тірек – қимыл аппаратының жұмысы қалпына келеді. 
Балалар жылқыларды сипап, атқа мініп, оларды арнайы жинаған шақпақ қант және алмамен тамақтандырды. 
Балалар қорқыныштарын жеңді, осы шаттық сезімді бастан өткізіп, оң эмоция алды.
Жануарлармен сөйлескен кезде балалар жауапкершілікке, қамқорлыққа үйренеді, мейірімдірек болады. 
Атты полиция балансында 70 бас жылқы бар. Погондағы салт аттылар кеш сайын құқық бұзушылықты болдырмау үшін бірнеше километрге дейін бақша қоғамдары бойынша жүреді, ал енді балаларға пайда келтіруде, емші болды. 
Полицейлер балаларға футбол, баскетбол және гимнастикалық доптар мен велотренажерларды сыйға тартты. 
Өз кезегінде ұстаздар мен балалар полицейлерге олардың проблемаларына мейіріммен қарағандары, емші жануарлармен қатынасуға мүмкіндік бергендері және балаларды белсенді өмірге қайтарғандары үшін алғыс айтты. 
Полицейлер балаларды емдеуде кез-келген көмек көрсетуге дайын.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі Павлодар облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?