Отбасылық сот жобасын толығымен жетілдіру мақсатында Батыс Қазақстан облысы №2 Орал қаласының сотында аудандық судьялардың, Психикалық денсаулық орталығының өкілдері, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы, Батыс Қазақстан облысы медиаторлары Одағының, «Ана үйі» Қоғамдық қоры, адвокаттар, прокурорлар, Орал қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны Орал қаласының №2 сотының төрағасы Азамат Борамбаев жүргізді, ол қатысушыларды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының отбасылық сот жобасын іске асыру туралы ұсынымдарымен таныстырды, қатысушыларға отбасының сақталуын қамтамасыз ету, отбасылық өмір құндылықтарын насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу, алғашқы тегін психологиялық көмек көрсету үшін жағдай жасау бойынша бірлескен бағдарламаларды әзірлеу қажеттілігіне баса назар аударды. 
Батыс Қазақстан облысының медиаторлар Одағының төрайымы Алуа Ракишева қатысушыларды отбасылық сот жобасында отбасы және неке туралы заңнама саласында медиаторларды мамандандыру туралы айтып, тек бірлесуарқылы отбасылық құндылықтарды жандандыруға болатынын, сондай-ақ отбасылық сотқа кәсіби педагогтар мен психологтарды қамтуды ұсынды.
Іс-шараға қатысушылар тақырып бойынша пікір алмасып, бірлескен әлеуметтік бағдарламаны әзірлеуге қатысты бірқатар ұсыныстар жасады. Атап айтқанда, мамандардың кәсіби деңгейін көтеру, отбасылық мәселелерді шешумен айналысатын психологтар, балаларды қорғау, сотқа дейінгі сатыда дауды шеше алатын және отбасылық даулар бойынша сапалы кеңес беру үшін шаралар өткізу туралы ұсыныстар енгізілді.
Дөңгелек үстел соңында сот, Психикалық денсаулық орталығы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы, Батыс Қазақстан облысының медиаторлары одағы мен «Ана үйі» қоғамдық қоры өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, нәтижесінде қол қойылған меморандум шеңберінде бірлескен іс-шаралар алгоритмі жасалды.

Орал қаласының соты

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?