Төмендегі суреттерде біздің полицейлер. Олар өз өмірлерін қауіпке тіге отырып, дер кезінде ажалға араша түскен. Өлім мен өмір таразыға түскенде бір сәт ойланбай, көмекке ұмтылған. Сондағы барлығының мақсаты – адамды аман алып қалу -деп, Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Қайрат Сұлтанбайұл жазба жариялады.

Ойланып қарасақ, бұл жігіттердің де үйде күтіп отырған отбасы, ата-анасы, жұбайы мен балалары бар. Бес қабатты үйдің шатырында өзіне қол жұмсамақ болған әйелді немесе көпірдің жақтауында секіруге ұмтылған ер адамды құтқару кезінде бір оқыс қимыл жасаса полицейді өзімен бірге ала кетуі де әбден мүмкін еді. Шарпыған өртке де, тасыған суға да ойланбай түсетін полицейлердің еңбегі елеулі.
Атап айтқанда, полиция лейтенанттары Қанат Бишенов пен Бейбіт Нұрпейісов 5-қабатты үйдің шатырынан секіргелі тұрған келіншекті құтқарды.
Полиция аға лейтенанты Умералиев Мұсақан мен Кубеев Ғабит өрт ішінде қалып қойған мүгедек қарт кісі мен жаңа туылған нәрестені ажалдан арашалап қалды.
Ал, полиция капитаны Қабұлов Азамат құрылысы бітпеген үйдің 5-ші қабатынан секірмек болған жас келіншекті райынан қайтарып, құтқарып қалды.
Өз кезегінде, 3-рота командирінің орынбасары, полиция аға лейтенанты Табиғат Жақсыбек құбыр үстінен секіріп, өзіне қол жұмсамақ болған әйелді аман алып қалды.
Сондай-ақ, үй ішінде есінен танған әйел мен 3 жасар бүлдіршінді терезе арқылы кіріп құтқарып қалған полиция лейтенанты Қалдарбек Қайсарбек, полиция капитаны Тұрлыбаев Наурызбай мен Көшербаев Сапарбекті де атап өткен жөн.
Көше қозғалысын реттеп тұрғанда, тұрғындардың көмек сұраған айғайына жедел жеткен полиция аға лейтенанты Тастахов Жанболат көпірден секірмек болған ер адамды құтқарған.
Ал, полиция аға лейтенанты Оралбек Ташимбетов жанындағы әріптестерімен бірге жыл басынан бері екі адамның өмірін құтқарған. Алғашында полиция аға лейтенанты Қанат Рысбаев екеуі қонақ үйдің 3-қабатынан секірмек болған бойжеткенді райынан қайтарған. Кейін, Бақтияр Орынбаев екеуі үш баланың әкесін қорада жіпке асылып тұрған жерінен ажалдан арашалап, аман алып қалды.
Біздің салада сан түрлі адам қызмет атқарады. Олардың бойына сіңірген тәрбиесі мен түсінігі де әр түрлі. Бірі атасының, әкесінің, ағасының жолын қуған сақшылар. Енді бірі әулетіндегі алғашқы полицей. Кейбірі жоғары шенге жетуді мақсат етеді, тағы біреуі бала күнгі арманын орындағысы келеді, үшіншісі өз елінің патриоты болуды көздейді.
Бірақ барлығына ортақ бір дүние бар, олар қызметке келместен бұрын ақтық демі қалғанша елге адал қызмет етуге ант етеді. Ал, сол антына берік болу шын мықтылардың ғана қолынан келеді.
Құрметті әріптестер, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге сәттілік тілеймін!
Қайрат Дәлбеков
Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?