Қоқыс контейнері үстіне құлағаны салдарынан әйел адам көз жұмды. Ақтөбеде 1 қаңтарда «102» телефонына «103» операторынан Сәңкібай батыр даңғылындағы үйдің ауласында адамға қоқыс жәшігі құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-тергеу тобы контейнерді тиеу кезінде КамАЗ көлігінің көтергіш механизмі бұзылып, металл қоқыс контейнері ЖШС-нің 38 жастағы қоқыс жинау қызметкеріне құлағанын анықтады.

Бірнеше сағаттан кейін әйел алған жарақаттарынан қаланың Көпсалалы облыстық ауруханасында қайтыс болды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігімен «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбе облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?