Алматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлімдеді.
Ағымдағы жылдың 6 қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Өзіндік қауіпсіздік департаменті Алматы қаласы ПД ӘПБ арнайы батальонының қызметкерлерімен бірлесіп, жолда жүру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмау мақсатында өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қазіргі қызметкері ретінде таныстырған 1987 жылы туған азамат Ұлан Райды әшкереледі.
Құжаттарды тексеру барысында құқық бұзушы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті қызметкерінің жалған қызметтік куәлігін көрсеткен.
Аталған азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметтік куәліктерді қолдан жасау ҚР Қылмыстық Кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратынына назар аударады.
Осы азаматтың қатысуымен құқыққа қарсы іс-қимыл фактілері бойынша қандай да бір ақпарат болған жағдайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына 1424 немесе 8 (7172) 90-94-08 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?