Қаңтар оқиғасына қатысты істер бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі мәлімдеді Алматы қаласы сотына сілтеме жасап.
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында азаптау фактісі бойынша Х., Б. және Қ-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. (ҚР ҚК 146-бабы 2-бөлігі 1-т.).
Сот өткен жылдың қаңтар айында төтенше жағдай кезінде автокөлікті заңсыз иемденді деген күдікпен ілінген азамат Р.-ның полиция бөлімшесіне жеткізілгенін анықтады.
Полиция қызметкері Қ. азамат Р.-ны одан әрі тергеп-тексеру үшін полиция қызметкерлері Б. және Х.-ға тапсырған болатын. Б. және Х. Р.-ны тәртіпсіздіктерге қатысты деп есептеп, зардап шеккен әріптестері үшін кек аламыз деген мақсатта оған физикалық қысым көрсетіп, күш қолданып, азаптау әрекеттерін жасаған.
Аталмыш әрекеттер үшін қылмыстық кодексте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Қ. Б. мен Х.-ның қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын біле тұра, басшылыққа жеткізбеген.
Қылмыстық кодексте құқық қорғау органының қызметкері бола отырып, қызметте әрекетсіздік жасағаны үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сот сотталушы Қ-ға жаза тағайындау кезінде мүліктік залалды және моральдық зиянды ерікті түрде өтеуін жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.
Ал төтенше жағдайда қылмыстық құқық бұзушылық жасауын және оның берген антын бұзуын жазаны ауырлататын мән жайлар ретінде таныды.
Сот сотталушы Б.-ға жаза тағайындау кезінде жас балаларының болуын, мүліктік залал мен моральдық зиянды өтеуін жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде қарастырса, төтенше жағдайда қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны және оның берген антын бұзған әрекеттерін жазаны ауырлататын мән-жайлар ретінде ескерді.
Сондай-ақ, сотталушы Х.-ға жаза тағайындау кезінде төтенше жағдайда қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны және антын бұзған әрекеттерін жазаны ауырлататын мән-жайлар ретінде таныды.
Сот үкімімен сотталушылар Б.және Х. Қылмыстық кодекстің 1-тармағының 146-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан шектете отырып, оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталушы Қ. ҚК-нің 370-бабының 2-1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сондай-ақ, оған 1,6 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?