Кеше облыс әкімі Шөкеев Өмірзақ Естайұлы арнайы іссапары барысында Ордабасы аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының полицейі, полиция старшинасы Аязбаев Саматтың отбасына барып, көпбалалы отбасының тыныс-тіршілігімен танысты. Көпбалалы ана, күміс алқа иегері Аязбаева Айгүлді мерекемен құттықтап сый-сияпат жасады. Қазіргі таңда көпбалалы аналарға жасалып жатқан мемлекеттік қолдау туралы әңгімеледі. — Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Әр ана баласын тәрбиелей отырып, түгелдей ұлттың болашағын тәрбиелейді. Әрдайым шаңырақтарыңыздан шаттықтың шұғыласы шалқып, дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын. Үйлеріңізде тек сәбидің күлкісі естілсін, — деп тілек білдірді облыс басшысы. Ақ жаулықты ана өз кезегінде Өмірзақ Естайұлына алғысын білдірді.

«Астарлы ақиқат ақпарат агенттігі» Түркістан облысы Ордабасы АПБ

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?