Ауа райының құбылуы секілді адамдардың да көтеріңкі көңіл күйге бөленіп, ғашықтық, сүйіспеншілік сезімдері алаулайды. Осындай ауыз толтырып айтарлықтай келіп жатқан көктемнің тосын сыйлары толастамады. 1 наурыз-Алғыс айту күнінен бастау алған игі жақсылық істері мақтанарлықтай дәрежеде болды. Тарқатып айтар болсам, Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері жақсылық жасауға негізделген іс әрекеттерін молайтты. Шенділер 1 наурыз күні жарық жұлдыз Бейбіт Қорғанды облысқа шақырып, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға арнап ІІМ-нің бастамасымен қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Бұдан кейін аудандар тарапынан жақсылық жасау істері басталды. Белсенділік танытып, бір ауданнан кейін бір аудан игі істерін атқарды.

ТО ПД-нің Бәйдібек АПБ жеке құрамының бастамасымен өз қаражаттарынан қомақты қаржы жинап, аудандағы аз қамтылған 20 отбасыға азық-түлік, сыйлық табыстап, отбасы мүшелерін қуанышқа бөледі. Мақтарал АПБ-нің полицейлері аудандағы көпбалалы аналарға, тұрмысы төмен отбасыларға көмек қолын созды. Аналардың алғысына бөленді. А

ры қарай Арыс АПБ-нің тәртіп сақшылары өз тараптарынан жақсылық жасау мақсатында аудандық аурухананың ақ халатты абзал жандарына, әйел полицейлерге сый сияпат жасады. Келес АПБ полицейлері аудандағы аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы аналарға, жалғыз басты әйелдерге азық-түлік, балапандарға ойыншықтар табыстады.

Түлкібас АПБ-нің де жеке құрамы өз айлықтарын біріктіріп, аз қамтылған отбасыларға көмектесіп, көпбалалы аналардың алғысын арқалады. Облыстық полицейлер қызметте қаза тапқан шенді ер-азаматтардың жұбайларын да назардан тыс қалдырмады. 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ТО ПД-нің басшысы Қ.Дәлібеков қызметте қаза тапқан полицейлердің аналарына, жұбайларына соңғы үлгідегі теледидар мен арнайы сыйлықтар табыстады. Бұл үрдісті Сарыағаш пен Түлкібас аудандық полиция бөлімдері жалғастырды. Өз қаржыларына сый сияпат жасап, аналарды құрметке бөледі. Тұрмысы төмен үйлерге арнайы барып, сыйлықтар, азықтар тапсырды. Мейірімі шексіз аналардың құшақтарын гүлге толтырды. Мінеки осылайша қызметте қырағылық танытатын тәртіп сақшылары, жақсылық жасау мақсатында мерекені себепші ете отырып, елеусіз қалып қоятын аналарды, әйелдерді ерекше қуанышқа бөлеп қырағылықтарын аттыра түсті. Елге жақсылық жасап, үлгі боларлық істер атқарды. Жақсылыққа жаны құштар жандар жасасын!

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?