Жалған нөмірмен полицейлерге бағынбай қашқан жүргізуші жауапқа тартылды. Бұл туралы Шымкент қаласы  патрульдік полиция полкі мәлімдеді.

15.03.2023 жылы сағат 00:20 шамасында Бәйдібек би көшесі бойында маркасы toyota camry мемлекеттік нөмері 111AIB11 көлігінің алдыңғы оң жақ орнындағы жолаушы көлік есігінің терезесінен жартылай шығып отырғаны байқалып, заң талаптарын бұзғаны үшін көлікті тоқтату барысында, аталған автокөлік бағынбаушылық танытып, Бәйдібек би көшесі бойымен жылдамдығы асыра қашып, Қайтпас 1 мөлтек ауданының ішкі көше бойымен қашуын жалғастырып, Көшеров көшесімен жүріп өтіп, бастапқы Байдибек би көшесіне оралған, патрульдік полиция полкінің 847 экипажы артынан жүріп Қазақ хандығына 550 жыл паркінде ұстады. Аталған автокөлік бағынбаушылық танытқанымен қоса бірнеше жол жүру ережесін бұзды.
Осы бойынша ӘҚБТК-не сүйене отыра 7 әкімшілік хаттама түзілді.

Автокөлік айыптұраққа қойылып, жүргізуші Шымкент қаласы ПД ӘПБ бағынысты арнайы қабылдау орнына жеткізілді.
Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?