Қызылордалық азамат есірткі затын сақтап, өсірді деген күдікке ілінді.

Спикер: Қызылорда облысы ПД бастығының орынбасары Ілияс Жұмағұлов

Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және ҚР Ұлттық ұланның “Бүркіт” АЖ қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 27 наурыз күні тұрғылықты мекен – жайында аса ірі көлемде есірткі затын сақтауға және өсіруге күдіктелген 54 жастағы қала тұрғыны анықталды.

Үй иесінің ауласын тінту кезінде қарасора бұталары арнайы өсірілген жылыжай табылды. Арнайы ыдыстарда өсірілген 37 түп сора өсімдігі және 1,5 келіден аса кептірілген марихуана тәркіленді. Аталған дерек екі бап бойынша: ҚР ҚК 296 — бабының 4 — бөлігі және 300 — бабының 2 — бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті УҰИ-на қамалды.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?