Алматы полициясы көше ұрыларын ұстады. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті мәлімдеді.
Бірқатар тонау жасады деген күдікке ілінген үш ер адамның шабуылынан үш адам зардап шекті.
«Жәбірленушілердің айтуынша, кешкісін адам көп жүрмейтін көшеде үш белгісіз адам оларға шабуыл жасап, ұрып-соғып, ұялы телефондарын, ақшалары мен гаджеттерін алып кеткен. Жәбірленушілер көрсеткен белгілер бойынша «қылмыстық үштік» ұсталды. Қаскөйлер, 2002 және 2001 жылғылар., Алматы және Жамбыл облыстарынан келген. Олар өз кінәларын мойындады. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 191-бабы бойынша тергелуде. Сонымен қатар, күдіктілердің, бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Қазіргі уақытта осыған ұқсас 3 эпизод анықталды», — деді, Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Батұржан Әбдумасаров.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?