Павлодар облысында 16 сәуір жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды.
  19 сәуір «Тұрсын» шаруа қожалығының маңында 16 сәуірде хабар-ошарсыз кеткен Екібастұз қаласының 34 жастағы тұрғынының зорлық-зомбылық белгілерісіз мәйіті қардан табылды.
Жергілікті жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. СМЭ тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 16 сәуірінде Бесқауға ауылының тұрғындары ВАЗ-2104 автокөлігімен дала алқабына жоғалып кеткен ірі қара малды іздеуге кеткен болатын. Сағат 19.00 шамасында жұбайы көлікке оралып, әйелін күте бастады. Әйелі оралмаған соң, ер адам полицияға жүгінді.
Полиция жедел — іздестіру іс-шараларын жүргізді. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін үш техника жұмылдырылған. Төрт іздеу тобы, оның ішінде Екібастұз қ. ПБ жеке құрамы, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындар бар. Іздеу жақын маңдағы елді мекендердің дала алқаптарында жүргізілді. Бағдарлар барлық қалалық және аудандық полиция бөлімдеріне жіберілді.
Палодар облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?