Қызылордалық полицейлердің екі адамды өрттен құтқару сәті видеоға түсіп қалған.

20 сәуір күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала орталығында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде өрт шыққандығы жөнінде хабарлама түсті.

Өрт пәтерлердің бірінің қылтимасынан (балкон) шығып, салдарынан пәтердің ішін түтін басқан. Оқиға орнына полицейлермен қатар өрт сөндірушілер де келді.

Полицейлер дереу құтқару жұмыстарына кірісіп, пәтердің ішінен түтінге тұншыққан 2 жасөспірімді алып шықты. Жасөспірімдерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда олардың жағдайлары тұрақты.

Өрт сөндірушілер өртті сөндірді.

Осылайша, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Мұрат Мейрамбекұлы мен Айбек Қыдырбекұлы адам шығынының алдын алды.

Қызылорда облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?