Түркістан облысының полицейлері қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады.

  Наурыз айында Келес аудандық ПБ-ге жергілікті тұрғыны күндізгі уақытта оның үйіне белгісіз біреу кіріп, әйеліне физикалық күш көрсетіп, қолдары мен аяқтарын байлап, жатын бөлмесінен 2 млн теңге ұрлап, оқиға орнынан бой тасалағанын айтқан.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 192-бабы «Қарақшылық» бойынша тіркеді. Шұғыл-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полицейлер бұрын бірнеше рет сотталған Қызылорда облысының тұрғынын, күдіктіні ұстады. Ол әрекетін толық мойындады.

Одан әрі іздестіру кезінде күдіктінің серіктесі, Келес ауданының тұрғынын да анықтады. Қазір қарақшылық шабуыл дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Спикер: ТО ПД КПБ жедел уәкілі Сүндет Тілеуқабыл

Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?