Екібастұзда полиэтилен қапшықтан адамның мәйіті табылды. Полиция жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды. 

  24 сәуірде Екібастұзда еріген суларда, Қ. Нұралин көшесіндегі ескі зиратқа кіре берісте полиэтилен қапшықтан адамның мәйіті табылды.

ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Павлодар облысының ПД жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды.

Қаңқалы мәйітте: «Челси» футбол командасының эмблемасы бар Adidas фирмасының көк түсті футболкасы; Nike фирмасының эмблемасы бар қара түсті спорттық шалбар; сұр жолақтары бар қара түсті күртеше және қара түсті шұлықтары бар.

Қандай да бір ақпараты бар кез келген адамды төмендегі байланыс телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз: -Екібастұз қ. ПБ кезекші бөлімі: 8 (7187) 75-06-06, 75-05-54, 75-05-45. -Қылмыстық полиция бөлімі: 8-776-269-41-28, 8-775-334-57-95. Немесе 102 телефоны бойынша. Анонимділікке кепілдік беріледі!

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?