Қарағандыда “Арлан” арнайы мақсат қызметкерлері бірге тұратын әйелі мен 2 жасар қызын кепілде ұстаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 сәуір күні сағат 12.00 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Теміржол полиция бөліміне қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде жанжал болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберіліп, хабарлама расталды.

– Белгілі болғандай, 24 жастағы азамат 21 жастағы бірге тұратын жары мен 2 жастағы қызын пышақпен қорқытып, күштеп ұстаған. Алайда ол ешқандай шарт қоймаған. Қаскөймен арадағы келіссөз үш сағаттан астам уақыт жүргізілді. Азамат ешқандай келіссөзге көнбеді. Сондықтанда кепілдіктегі адамдардың өміріне қауіп төнгендіктен, полиция қызметкерлеріне шұғыл шешім қабылдауға тура келді, – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері пәтердің есігін бұзған бетте, “Арлан” арнайы мақсаттың қызметкерлері бірден ішке кіріп, күдіктіні қолға түсірді. Алдын ала болжам бойынша азамат есірткілік масаң күйінде болды. Жәбірленуші азаматшамен оның қызы ешқандай жәбір көрген жоқ. Олар дағдарыс орталығына орналастырылып, психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 126-бабы 2-бөлігі 3-пунктіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қарағанды облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?