Жыл сайын Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментімен Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралар өткізіледі. АҚ күні айлығының шеңберінде наурыз айы бойы іс-шаралар кешені жоспарланған – бұл дөңгелек үстелдер, аумақтағы жалпы білім беру мектептерінің оқушылары үшін өрт сөндіру бөлімдерінде экскурсия және ашық есік күндері.

2019 жылғы 12 наурызда Азаматтық қорғаныс басқармасының офицерлері жас қызметкерлердің, ҚР ІІМ ТЖК КТИ 4 курс курсанттардың және азаматтық қорғаныс штабынан қызметін бастаған ардагерлердің кездесуін ұйымдастырды. Мерекелік іс-шараға Жамбыл облысы ТЖ қызметінің қалыптасу көзінде тұрған азаматтық қорғау ардагерлері қатысты. Макаров Станислав Николаевич – отставкадағы полковник, 1996 жылдан 2005 жыл аралығында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы болып жұмыс істеді, Бирченко Дмитрий Сергеевич — отставкадағы полковник, училищені аяқтағаннан кейін 22 жасында әскери қызметтен өтті. Бас маманнан Жамбыл облысы ТЖ басқармасы бастығының орынбасарына дейін сатыдан өткен Кушикбаев Болат Закирович – запастағы подполковник, Азаматтық қорғаныс басқармасының бұрынғы бастығы, құрмет демалысына шығып, құтқару бөлімщелерінің басшы лауазымдарында еңбегін жалғастыруда, Смирнова Татьяна Николаевна – ТЖ жүйесінде 40 жылдан астам уақыт жұмыс істеді, байланыс саласында еңбегі сіңген қайраткер болып табылады.

Кездесуді ТЖ департаменті бастығының орынбасары полковник Қосыбаев Мақсат Амантайұлы құттықтау сөзімен ашты.

Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының және облыстың Азаматтық қорғаныс басқармасының тарихы туралы баяндамамен Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы подполковник Манасов Әсет Манасұлы сөз сөйледі.

Ардагерлер қоғамдық бірлестігінің атынан төрағасы Бейсембаев Бейбіт Әзімханұлы сөз сөйледі. Ол жеке құрамды көктемгі мейрамдарымен құттықтады. Қонақтарға ТЖД қалыптасу тарихы туралы фильм көрсетілді.

Шай үстінде ардагерлер жас буындарға олардың облыс орталығының ірі кәсіпорындарындағы азаматтық қорғаныс мәселелерін қалай шешуге тура келетінін, қандай жағдайда оқу-жаттығулар өткізілгенін, олармен облыстың Азаматтық қорғанысын дамытуға қосқан үлестері туралы әңгімелеп берді.

Қазіргі әскери қызметшілерінің атынан Азаматтық қорғау басқармасының аға офицері Еркеғали Жумағалиұлы Қойбақов қызықты кездесу және өнегелі әңгіме үшін алғысын білдіріп, жас буынның оларға арқалаған сенімдерін ақтап жатқанын айтты.

ТЖД бастығының орынбасары полковник Мақсат Амантайұлы Қосыбаев облыстық АҚ дамытуға қосқан үлесі үшін Департамент бастығының атынан ардагерлерге алғыс хат табыстады.

Іс-шара шақырылған қонақтарды Департамент ғимараты бойынша экскурсиялау және АҚ басқармасы офицерлерінің жұмыс орнын көрсетумен аяқталды.

АҚБ бастығының орынбасары

майор Руслан .Шариев

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?