Қаңтар оқиғасында ұрланған қарулар тәркіленді. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің басытығы Бауржан Аленов мәлімдеді.

Ағымдағы жылдың 26 маусымында Алматы облысы ПД-на атыс қаруы мен оларға оқ-дәрілерді заңсыз сақтау дерегі бойынша белгісіз адамға қатысты жедел ақпарат келіп түсті.
Жедел-іздестіру жұмыстары барысында Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері күдікті адамды анықтап, ұстады. Талғар ауданы Ардала кентінің маңында жүргізілген тергеу іс-шараларымен Сайга, ИЖ, МР маркалы төрт түрлі калибрлі қару табылып, тәркіленді.


Аталған дерек полицияда ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі (қаруды заңсыз сақтау) бойынша тіркелді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, тәркіленген қару «қаңтар оқиғалары»кезінде ұрланған. Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалық зерттеулер тағайындалды және тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Ұсталған адам УҰИ-на қамаққа алынды.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?