Түркістан қаласының полиция бөліміне белгісіз біреулердің дүкен есігін бұзып кіріп, азық-түліктер мен жарты милиионнан астам ақшаны қолды еткендігі туралы жергілікті тұрғын арызданды. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «ұрлық» бойынша СДТБТ-не тіркеуге алынды.

Қылмысты ашу үшін қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері арасынан жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары күдіктілердің түр тұлғасын анықтау үшін аулаларды аралап, тұрғындардан сұрақ жауап алып т.б қажетті шаралардың барлығын іске асырды. Ақыры төгілген тер текке кетпеді. Жоғары деңгейде жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде қалалық полиция басқармасының қызметкерлері күдікті ретінде Түркістан қаласының жергілікті тұрғынын ұстады. Тергеу барысында ұсталған азаматтың бөтеннің мүлкін ұрлаудың 10-ға жуық жайтына қатысы бар екендігі анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі миллионнан астам теңгені құрап отыр. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны болмас үшін әрбір азамат өз мүлкін қараусыз қалдырмай, үй немесе дүкен секілді тағы да басқа ғимараттардың есік терезелерін мықтап бекітіп, темір торлармен жабдықтау керектігін естеріңізге салады.

Егер де сіз қандайда бір қылмыстық оқиғаның құрбаны немесе куәгері болсаңыз міндетті түрде полицияның 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі, Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?