Ана әлемдегі ең асыл сөз. Өмірдегі ең қымбат та қадірлі жан. Осынау үш әріптен тұратын сөзді естігенде бірден көз алдымызға жүзі мейірімге толы, құшағы кең ең жақын жан көзімізге елестейтіні белгілі. Ана туралы жазылмаған жыр, айтылмаған сыр да жоқтың қасы.

Алайда, қазіргі уақытта осы бір асыл жанды құрметтеуді әр адам әртүрлі түсініп жатады. Кейбіреулер қолдан келгенше анасына өмір бойы құрмет көрсетіп ақ батасын алып жатса, баз біреулер анасының тірі кезінде қадірін түсіне алмай, өмірден өткеннен соң барып бармақтарын тістеп өкініштерін білдіріп жатады. Дегенменде ана өз перзентіне ешқашан жамандық тілемейтін, жүрегі жылуға толы, мейірімі шексіз жан. Осынау ана деген қасиетті ұғымды құрметтеу мақсатында көктемнің алғашқы мерекесі болғалы бері жақсылыққа жаны құштар адамдар тарапынан аналарға құрмет көрсетілу үрдісі жалғасып келеді.

Өткен күндерде Түркістан облысы Полиция департаментінің қалалық, аудандық полицейлері асыл жандар аналарға гүл шоқтарын сыйлап, отбасыларын азық-түлікпен қамтамасыз етіп, қайырымды істерді жасап жатқаны туралы алдыңғы жазған мақалаларымда айтқан болатынмын. Сол игі істердің жалғасы ретінде облыстық Полиция департаментіне қарасты Арыс АПБ-нің қызметкерлері тағы бір мақтануға тұрарлық әрекет жасады.

Қайырымдылықтың ешқашан артықтық етпейтіні секілді, полицейлер тұрмысы төмен отбасылардың аналарына, жалғыз басты аналарға, құрмет көрсетіп, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Жұмысы қауырт, уақыты тығыз саналатын маман иелері өздерінің ана деген асыл жанға әрқашанда құрмет көрсету керектігін естерінен шығармай, өз қаржыларын қайырымды іске жұмсады.

Күні кеше Түркістан облысы полиция департаментінің Арыс аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары көпбалалы жалғыз басты анаға көмек қолын созып, ақ батасын арқалады. Жүрегі мейірімге толы ананың есімі Мариям Сейдуалиева Сәтсаппарқызы.

Қазіргі уақытта Мәриям Сәтсаппарқызы 4 бала мен 8 немересіне пәтер жалдап тұрып, жан бағып жүрген жайы бар. Тұрмысы төмен отбасының анасы Мариямның үйіне тәртіп сақшылары қажетті азық-түліктерін жеткізіп, қарт ананы бір қуантты. Тосын сый жасап, қолдарынан келген көмегін көрсетіп жатқан сақшыларға ардақты ана өзінің жүрегінен шыққан асыл сөздерін, алғысын арнады. Көмекке мұқтаж жандарға қолдау білдіріп, көмек көрсетіп әлі де бұл өмірде мейірімді жандардың көп екендігіне көз жеткізді. Әрбірімізді дүниеге әкеліп, әлпештеп өсірген аналарымызға бәріміздің де құрметтеп, көмек көрсетуге міндеттіміз. Әлемнің жарығы саналатын ардақты аналарымызға

мейлінше құрметімізді көрсетіп, жүрегіндегі жылуын мұздатып алмауға тырысайық.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі, Түркістан облысы

Loading

от admin

Один комментарий к “Аналарға арналған қайырымды істер жалғасуда”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?