Жамбылдық полицейлер Қазақстанның басқа облыстарына есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады

2023 жылғы 22 қазанда Жамбыл облысының ПД қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысының аумағында 33 жастағы Байзақ ауданы тұрғынының басқаруындағы Алматыдан Ақтөбеге бағыт алып бара жатқан «SCANIA R480» маркалы жүк көлігі тоқтатылды.

Тінту барысында көліктен төрт қорап табылып, тәркіленді, оның ішінде жалпы салмағы 5 келіге жуық марихуана есірткі заты болған.

Сол күні Байзақ ауданының тағы үш тұрғыны есірткімен ұсталды. Олардың тұрғылықты жері бойынша тінту іс-шаралары кезінде марихуана мен гашиш есірткі заттары салынған 9 қап табылып, тәркіленді.

Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 140 келіден асады, бұл аса ірі көлемдегі есірткі заттары болып табылады.

— Қылмыстық топқа қатысты ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Ұсталған азаматтар Тараз қ. ПБ уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу амалдары жалғасуда, — деп атап өтті Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Рахметуллаев.

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?