Мамандық таңдау — өмірдің ең қиын, әрі ең маңызды шешімдерінің бірі. Мамандық таңдау — сені үлкен өмірге жетелейтін көптеген баспалдақтардың алғашқысы. Мамандық — жай күнелту, ақша табу емес. Әр адам өз мамандығынан рухани күш алып, еңбектің рахатын көреді. Мамандық таңдаған сәтте сол кәсіпті сүйіп таңдау қажет. Рас, қазіргі заман ағымына ілесу үшін, білімді жастар санатына қосылу үшін терең білім мен біліктілік қажет. Ал мамандық таңдағанда адаспаған дұрыс. Бүгінде мамандықтың түр — түрі бар. Оларды іріктеп, өз икеміңе қарай таңдай білген жөн. «Неге математика мұғалім?» деп ойлайтын шығарсыздар.

Әрбір баланың мінез — құлқы әртүрлі олармен тіл табысу, жақсы шәкірт тәрбиелеу оңай іс емес. Әр саланың өзіндік қиындығы мен қуанышы болады, сол секілді математика пәні де оңай емес. Ізденіс пен қайталауды талап ететін пән.

Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне жыл сайын мектеп бітірушілер өздерінің келешек мамандықтарын таңдап, арман қуып келіп жатады. Соның ішінде математика мұғалімі мамандығын таңдағандар үш бағытта оқуға түседі: 6B01501-Математика, 6B01502-Математика-Информатика, 6B01502.1-Математика-Физика. Осы бағытта оқуға түскендер жалпы конкурс бойынша және «Серпін» бағдарламасы бойынша да білім алуда.  Жылдан жылға студенттердің өз мамандығына деген ынтасы мен оқу жігері артып бара жатқанын қуанышпен айтуға болады.

Оқу жылының алғашқы курсынан бастап мектеппен байланыста практикалар жүргізілуде. Атап айтқанда: 1 курста оқу- танысу және оқу – есептеу практикаы, 2 курста тәрбие ісі жөнінде практика, 3 курста педагогикалық практика, 4 курста өндірістек практика. Түлектеріміз еліміздің әр түкпірінде мұғалім болып жұмыс істеуде. Барлығы дерлік жұмыспен қамтылған. Университет қабырғасында алған білімдерін мақтанышпен айтып, хабарласып та тұрады.

Мектеп бітірушілер келешекте біздің оқу орнын таңдап, келеміз дегендер болса, хабарласып, консультациялар алуларына болады. Мамандық таңдауда қателеспей, біздерге келсеңіздер деген үмітпен, күтудеміз.

 

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды

университетінің аға оқытушысы Кервенев Қ.Е.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?