Алматыда қалта «ұрылары» ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Арыстанғани Заппаров мәлімдеді.
Қаланың әртүрлі аудандарында қылмыс жасаған төрт жігітті полиция қызметкерлері «ізін суытпай» ұстады.
Оның үстіне, олар ұрланған гаджеттерді кәдеге жаратуға үлгермеген.
«Белгілі болғандай, «Айфон» және «Самсунг» маркалы ұялы телефондар қалта ұрылары арасында «ерекше танымал». Бұл жолы қаскөйлер Әуезов, Жетісу және Медеу аудандарында ұрлық жасады. Олардың ең жасы небәрі 20-да. Қазіргі таңда күдіктілердің жеке басы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде», — деді, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мақсат Қанапяев.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?