2019 жылғы 15 наурызында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бастамасымен Өрт сөндіру мекемесінің №1 Мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында Өрт сөндіру мекемесінің басқарма аппараты қызмектерлері мен өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтарының қатысуымен тәжірибелік сабақ өтті.

Жалпы шара барысында Өрт сөндіру мекемесі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Мансур Закирович Шайкрамов офицерлік құрамға шараны өткізудегі негізгі мақсат ол газтүтіннен қорғау қызметін жетілдіру, офицерлік құрамды газтүтіннен қорғау қызметінің жедел-қызметтік міндеттерін сәтті орындауды қамтамасыз ететін епті және тиімді іс-әрекетке оқыту мақсатында өткізілгендігін және газтүтіннен қорғаушылардың функционалдық дайындығын жоғарылату болып табылатындығын тілге тиек етті.

Сабақ барысында офицерлік құрам өз кәсіби біліктіліктерін көрсетуге тырысты.Күн тәртібінде өрт сөндірушілердің күнделікті өмірінде қолданылатын жаттығу түрлері енгізілді. Олар:

— «Бақылау тексерісі»;

— «20 метр қашықтық», буынның әр мүшесімен ауырлықты тасу (салмағы 20 кг бір кір тастан);

— «Эстакада», газ-түтіннен қорғау қызметі буыны белгіленген жолақпен жүріп өту;

— «Конструкцияға құтқару арқанын бекітіп байлау»;

— «Түтін камера», «жарақаттанғанды» (маникен) іздеу арқылы барлау жүргізу және оны таза ауаға алып шығу;

— өрт ошағын табу, өртті сөндіру.

— электр ажыратқышты табу және сөндіру

— құбыр желісінен газдың кемуін жою секілді тапсырмаларды орындады.

Тәжірибелік сабақ соңында Мансур Закирович Шайкрамов жылу түтін камерасында жаттығуын шыңдаған офицерлік құрамның әрекетіне оң баға беріп, бұдан әрі осындай бағыттағы тәжірибелік сабақтардың жиі өткізіліп отыратындығын жеткізді. Офицерлер де өз кезегінде бір сәт маңдайдан аққан терді жеңдерімен сүртіп, «жаттығуың ауыр болса, ұрыста жеңіл болады» деген тәмсілді естеріне түсіргендей болды.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?