19- наурызда Сайрам ауданы 102 пультіне отбасылық жанжал бойынша қоңырау түсті. Анықталғаны аталған тұрғынның қызымен 2021 жылы ажырасып кеткен күйеу баласы жанжалдасып, оқиға кезінде ол пышақпен қызын қорқытып, кепілге алып, Шевролет автокөлігімен Батыс Қытай- Батыс Еуропа трассасына өзінің тұрғылықты жері Қызылорда облысына қарай бағыт алып, өлтіремін деп қорқытып алып кеткен. Күдіктінің талабы оны қудаламау мен жауапқа тартпау болды.
Кепілге алынған адамды босату мақсатында тез арада жедел штаб құрып, «Арлан» арнайы жасақ күшімен Асар ықшам ауданының маңында күдікті құрықталып, жәбірленуші босатылды.
Қылмыс кезінде жәбірленуші мойын тұсынан жеңіл дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді, онда оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.
Белгілі болғандай күдікті жәбірленушімен бұрын некеде болған, 3 баласы бар, 2021 жылдан бастап олар ажырасқан. Күдікті бұрын екі рет сотталған, Лудоманиямен ауырады. Күдікті қамауға алынды.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?