4 жасар баланы табу үшін 500 қызметкері, атап айтсақ, криминалдық полиция, жергілікті полиция қызметі, патрульдік полиция полкі, кинология қызметінің, Қаратау АПБ тәжірибелі қызметкерлерінен құралған жедел-іздестіру тобы жасақталып, түні бойы іздеу жұмыстарын жүргізді.

Полиция қызметкерлері сол мөлтекаудандағы әрбір шаршы метрді тыңғылықты тексерудің нәтижесінде 16 наурыздың таңғы сағат 08-00 шамасында 4 жасар баланы «Альфа» есімді қызметтік іздестіру иттің көмегімен 3 шақырымдай із жүріп, баудағы шөптердің арасынан ұйықтап жатқан жерінен іздеп тапты. Сол күні кезекшілік атқару барысында Шымкент қаласы ПД Кинология қызмет орталығының кіші инспектор-кинологы полиция сержанты Бименді Ирисбековке бекітілген «Альфа» есімді қызметтік итімен жан-жақты іздестірудің нәтижесінде жоғалған бала табылып, ата-анасына қайтарылды.

Баланы іздестіру жұмыстарын жіті бақылауында ұстаған Департамент бастығы полиция полковнигі Е.Жумаханбетов баланы ата-анасына табыстап, жеке құрамға жедел түрде кәсіби шеберлігін көрсеткені үшін алғыс айтты.

4 жасар баланың ата-анасы, көрші-қолаң, туыс-туғандары барлығы жиналып, полиция қызметкерлерінің жеке құрамына деген ризашылығын Департамент бастығы полиция полковнигі Е.Жумаханбетовке білдірді.

Айта кететін жайт, 4 жасар баланың жоғалғаны туралы анасы ағымдағы жылдың 15 наурызында 22-30 да полиция қызметкерлеріне хабарлаған болатын.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі. Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?