Мойынқұм ауданы әкімдігінің фейсбук парақшасы.

Мойынқұм ауданы әкімдігі атынан, фейсбук парақшасына жарнамалап жарияланған сетевой бизнес өнімдері, әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысында. Бірі мақтаса, бірісі, пайдасы жоқ өнім екенін жазып жатыр. Ал бұл өнімнің пайдасы туралы Мойынқұм ауданы әкімі не айтар екен?

Сұрақтарымызға жауап алуға барып, басымыз «бәлеге» қалды. Әкімдіктік тарапынан артымызға адам салып, түнде, көлігімізді жүргізбей, жатқан қонақ үйдегі бөлмемізге басып кіруге дейін барған азаматтарға айтарымыз көп. Тек тергеу аяқталсын деп отырмыз.

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсултан Назарбаевтың ең төменгі сатыдағы сенімді өкілдері, сетевой бизнес өнімдерін жарнамалап жатса, басқа үміт жоқ шығар әкімнен. Әкімнің қызметі туралы толық білгім келіп жатыр, алайда сұрағыма жауап беретін әкім жоқ болып тұрғаны…

Әкімдіктің әлеуметтік желіде жариялаған жарнамасы.

«Мойынқұм ауданы әкімдігі журналистердің заңды кәсіби жұмысына кедергі жасап, өміріне қауіп төндірді»- деп атамасақ, басқа айтар сөз қалмады. Сетевой бизнес басты мақсат болып тұрған секілді.

Сұхбатқа барып, бетін көру арманға айналған Мойынқұм ауданы әкімі, Мәден Тоқтарбайұлы, екі күн бойы, арнайы Елордадан келген журналистерді менсімбесе керек, журналистердің, Мойынқұм ауданы әкімі қабылдауына кіру мүмкіндігі мүлдем болған жоқ. Ашық үкіметтік үкімі осы болар…

Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметов, бұл жағдайды естісе не айтар екен?

Әліптің артын күтейік…

(жалғасы бар)

Думан Нұртаза

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі. Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?