Мойынқұм ауданындағы Абай орта мектебінің аты жазылған, жыртық журналды қоқыстан таптық…

Баға қойылып, өтілген сабақтар тізімі толтырылған, оқушылардың бағаларыда бағаланған мектеп журналына қадағалау беті мен кеткен секілді. Прокуратура, мектептердегі ақша жиналуларынан бөлек мұғалімдердің біліктілігіне қосып, ұқыптылығын да қадағаламаса болмайтын сияқты. Жамбыл облысындағы, Мойынқұм ауданындағы мектептердің журналдары түгел ма жоқ па, көріп шықса деген ой мен, өтініш айтамыз.


Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы

Республикасының Білім және ғылым министрлігі 1-4-сыныптарға арналған сынып журналы

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.12.2017 № 615 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ескерту: Сынып журналы орта білім беру ұйымының әрбір мұғалімі жүргізуге міндетті болып табылатын мемлекеттік құжат.

      Сынып журналы орта білім беру ұйымы электрондық жүйеге қосылған жағдайда тек қана электрондық форматта толтырылады, оны қағаз нұсқасында толтыруға жол берілмейді.

     Электрондық журнал әр тоқсанның қорытындысы бойынша ақпараттық жүйеден жүктеледі және басып шығарылады, беттері бауланып, нөмірленіп, орта білім беру ұйымы директорының қолы қойылып, мөр басылады, олардың сақталуы қамтамасыз етіледі-деп Білім туралы заңында жазғаны жарамағаны ма, әлде Мойынқұм ауданында, ойына келгенін ғана орындай ма әзірге біз үшін белгісіз болып тұрғаны…

Думан Нұртаза

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі. Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?