Бүгін Тараз қалалық Мәдениет үйінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Арман Оразалиев халық алдында және консультативтік- кеңесші орган мүшелерінің алдында 2018 жылғы жұмыс қорытындылары туралы есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Бірінші кезекте Арман Молдиярұлы азаматтардың шағымдарына полицияның жедел әрекет ету жылдамдығының артқанын атап өтті. GPS-навигациясымен жабдықталған кезекші жасақтар оқиға орнына 5-7 минуттан кешіктірмей жетеді. Әрбір кідіріс дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, кінәлілер жазасын алуда.

Бүгінгі күні Жамбыл полицейлері әрбір өтінішті тіркеп, ол мүмкіндігінше шешімін табуда. Мәселен, егер өткен жылы қылмысты жасырудың жеті дерегі анықталса, ағымдағы жылы 14 дерек тіркелді. Тәртіптік жауапкершілікке 109 қызметкер тартылды, оның ішінде басшы құрам-28.

Тағы бір маңызды жұмыс бағыты- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және қызметкерлердің моральдық-адамгершілік қасиеттерін, кісілік келбетін арттыру. Алдын алу жұмыстарының нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар саны 20-дан 12-ге дейін қысқарды. Кінәлі тұлғалар ішкі істер органдарынан теріс себептермен босатылды, 30 бөлініс басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан полициясын жаңғырту жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында облыс бойынша 288 бос жұмыс орны және 24 басшы лауазымы қысқартылды. Сонымен қатар, жақын арада департаменттің екі басқармасы біріктірілетін болады.

Негізгі сандарға келер болсақ, 2018 жылы қылмыстардың жалпы саны 22,1% — ға, оның ішінде ауыр қылмыстар — 4% — ға, аса ауыр қылмыстар — 24% — ға, ауырлығы орташа қылмыстар-22,6% — ға және онша ауыр емес қылмыстар-25,3% — ға қысқарды.

Адам өлтіру (-7,3%), кісі зорлау (-46,7%), ұрлық (-22,3%), тонау (-41%), қарақшылық (-40%) және бұзақылық (-43,8%) саны азайды. Тоғыз қарақшылық топтың, соның ішінде Қордай ауылы тұрғындарының үйлеріне шабуыл жасаған қылмыстық топтың, қылмыстық іс-әрекеттерінің жолы кесілді.

— Ұрлық оқиғасы бұрынғыдай қылмыс құрылымында жетекші орын алуда. Бүгінгі таңда ұрлық жасаған адамдарды, ұрланған заттар мен заттарды сату орындарын анықтадық. Қылмыскерлердің ұрлық жасаудың жаңа әдістерін қолданғанына қарамастан, бұл жөнінде тұрақты негізде жұмыс істейміз.

Өткен жылы барлығы 25 қылмыстық топ залалсыздандырылды, оларға 100-ден астам ұрлық жасағаны үшін айып тағылды. Пәтер ұрлығының 18 эпизоды дәлелденген жеті топ ұсталды.

Автомобиль аккумуляторларын ұрлағаны үшін бес адам ұсталды, 56 дерек дәлелін тапты. Тек облыс орталығында қалта ұрлығы мен ұялы телефон ұрлығы үшін 160-тан астам адам ұсталды.

Тоғыз мал ұрлығымен айналысатын қылмыстық топтың жолы кесілді, нәтижесінде 16 мал ұрлығы, оның ішінде үш ауыр қылмыс дерегі ашылды, 500-ден астам ұрланған мал тәркіленді. 11,5 мыңнан астам мал басын заңсыз тасымалдау дерегі анықталды, 6,5 миллион теңгеден астам сомаға 206 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп атап көрсетті А. Оразалиев.

Қаруды заңсыз сақтаудың 62 дерегі анықталды, ал мүлдем төзбеушілік аясында 118 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Отбасы- тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер үшін 1,5 мыңнан астам жанжалқор тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Департамент бастығы атап өткендей, қылмыстың жалпы төмендеуіне алдын алу жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін енгізу әсер етті. Ең алдымен, облыс орталығында қоғамдық орындарда және қиылыстарда орнатылған ЖБО-ның 206 камерасын пайдалану өз нәтижесін берді. 2018 жылы облыс орталығындағы үйлердің 238 кіреберісі бұлтты бейнебақылау сервисіне қосылды.

Жол қауіпсіздігіне келер болсақ, ЖКО саны 7,8% — ға, оларда қаза тапқан азаматтар — 13,3% — ға, зардап шеккендер саны 11,8% — ға азайды. Талдау көрсетіп отырғандай, негізгі себеп жүргізушілердің тәртіпсіздігі болып қала береді, ЖКО-ның 95% — ы олардың кінәсінен орын алуда. Осыған байланысты полиция қызметкерлері ЖКО көрсеткіштерінің өсу үрдісі байқалатын аудандарда 800-ден астам жергілікті алдын алу іс-шараларын өткізді.

Білім басқармасымен бірлесіп, білім беру органдарына бекітілген ювеналдық полиция инспекторларының іс-қимыл алгоритмі әзірленді,олар мектеп оқушыларымен жұмыс істеу және олардың тарапынан бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау бойынша алдын алу шараларын жүргізеді.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Тараз қаласының бірінші полиция бөлімінде фронт-офис қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастады.

Баяндаманың соңында облыс Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев қатысушыларды полиция қызметінің сапасын арттыру бойынша барлық шаралар қабылданатынына сендірді. Іс-шара Алғыс айту күні өтіп жатқанын ескере отырып, жоғары азаматтық саналылық көрсеткен және құқық бұзушылықты ашуға көмек көрсеткен азаматтарға өз ризашылығын білдірді.

Бұдан кейін Кадр жұмысы басқармасының бастығы полиция полковнигі Ержан Егембердиев бұйрықты оқып, оған сәйкес полицияның алты қоғамдық көмекшісі Алғыс хаттармен марапатталды.

Сөз алған облыстық Полиция департаменті жанындағы Консультативтік-кеңесші органның мүшесі, Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметқали Сарыбеков аймақтың ішкі істер органдары мен прокуратура органдарында жоғары оқу орнының 500-ден астам білімгері еңбек ететінін, ПД мен ТарМу арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалғанын, студенттер қатарынан құрылған полицияға көмек көрсету жасақтары жұмыс істейтінін атап өтті. Айта кетерлігі, олардың екеуі Алғыс хаттармен марапатталды. Нәтижесінде М. Сарыбеков 2018 жылдың қорытындысы бойынша полицияның жұмысын қанағаттанарлық деп тануды ұсынды.

Арман Оразалиевтің жамбылдықтармен әңгімесі барысында көп қабатты үйлердің аулаларында бейнекамералар орнату, ұялы телефондарды ұрлаумен, жасөспірімдер қылмысымен күрес, Қазақстанда шетелдік азаматтардың болу жағдайлары, ішкі істер органдарына жұмысқа орналастыру, көңіл көтеретін мекемелердің 23.00-ден кейін тыныштықты сақтау, бағдаршам жұмысының сапасы және т.б. мәселелер көтерілді.

Азаматтардың барлық сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді. Сондай-ақ, мәдениет Үйінің фойесінде білім беру, денсаулық сақтау басқармалары, халыққа қызмет көрсету орталығы, ТКШ инспекциясы және басқа да қызметтер мамандары тегін кеңес берді.

Іс-шараны қорытындылай келе, Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиев полиция жұмысының басты өлшемі — қарапайым азаматтардың пікірі екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта ҚР ІІМ ресми сайтында Департамент бастығының блогы, сондай-ақ кез келген уақытта хабарласа алатын әлеуметтік желілердегі Полиция департаментінің парақшалары жұмыс істейді.

— Сіздер айтқан барлық ұсыныстар, шағымдар, өтініштер мен тілектер ескеріліп, жеке бақылауға алынатын болады, — деп түйіндеді өз сөзін Арман Молдиярұлы.

Сервистік үлгіге көшуді ескере отырып, мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіледі. және олар жамбылдықтардың облыс полициясының қызметін бағалауының объективтілігіне өз әсерін тигізетіні сөзсіз.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?