Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында пробациялық бақылау белгіленген тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ қайталап қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында жиын өткізілді.

Жиынға полиция бөлімінің басшы және жеке құрамы, аудандық әкімдіктің халықты жұмыспен қамту бөлімінің, аудандық орталық аурухананың және аудандық пробация бөлімінің қызметкерлері мен пробациялық бақылау белгіленген тұлғалар қатысты.

Қазіргі таңда аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 55 сотталған азамат түрлі санатта жұмыс атқаруда. Жыл басынан бері сотталған 70 азаматқа психологиялық көмек көрсетілсе, 20 азаматты жұмысқа орналастыру бойынша көмек берілген.

Сондай-ақ, жиында пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға аудандағы бос жұмыс орындары мен әлеуметтік жәрдемақылар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алдағы уақытта оларды құқық бұзушылық жасамауға, сұрақтар болса кез-келген уақытта Полиция бөліміне жүгінуге шақырды.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?