Жыл басынан бері облыста жеке үйлерде шөп жинау орындарында 14 өрт оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 211 тоннадан аса жиналған шөп жанып кетті. Материалдық шығыны 460 мың теңгеден асты.

Оның негізгі себептері-тұрғындардың отпен абайсыз болуы 6 оқиға, 5 баланың отпен ойнауы және қасақана от қою 3 оқиға. Жемшөп көбінесе жолға өте жақын жиналады, ал абайсызда немесе әдейі тасталған темекі тұқылы өртке әкеліп соғады. 2019 жылдың 25 наурызда Т.Рысқұлов ауданы, Юбилейное ауылы, жеке тұрғын үй ауласында жиналған 400 түк шөптің өртену оқиғасы болды. Ал сол күнденрі Меркі ауданы, Қазақдихан ауылы, фазенда аумағында жиналған 3 500 түк шөптің өртену оқиғасы болды. Байзақ ауданы, Мәдімәр ауылы, жеке тұрғын үй ауласында жиналған 300 түк шөптің өртену оқиғасы болды. Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін ең алдымен өртке қарсы ережелер мен нормаларды қатаң сақтау қажет.

* шөпхана электр өткізу желілерінен мейлінше алыс және қоршалған жерлерде орналасуы тиіс.

* шөпханаларды суға жақын жерде орнатқан жөн, жану жағдайы орын алған кезде отты тез сөндіруге болады.

— Қожалық және фермерлік шаруашылықтарда төтенше жағдайлар кезінде арнайы өрт сөндіруге икемделген техника дайын тұруы қажет

— егін мен астық жинауға жұмылдырылған көліктер ұшқын өшіргіштермен және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы тиіс.

— тұрғын үй учаскелерінде шөпті жинау ғимаратқа және аула алдындағы құрылыстарға дейін кемінде 15 метр қашықтықта орындалады.

— шөп қоралардың шатырларына және басқа шаруашылық құрылыстарына, электр жеткізу желілерінің астына жинауға тыйым салынады:

— сонымен бірге көшелерде, жолдарда, аулалық учаскелерден тыс шөп шошақтарын, шөмеле, маяларды, сабан және басқа да мал азығын орналастыруға жол берілмейді.

— ірі азық қоймалары найзағайдан қорғау құралдарымен жабықталады.

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы азаматтардан шөп сақтайтын орындарда өрт қауіпсіздігінің ережесін қатаң сақтауын өтінеді және бұл шарттарды орындаған жағдайда сіз өзіңізді және өзіңізге жақын адамдарыңызды орны толмас өкініштен қорғай аласыз.

Берік Сатыбалдиев,

Жамбыл облысы ТЖД халыққа

хабар беру және оқыту тобының бас маманы

азаматтық қорғау подполковнигі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?