Қазақстан мен Қытай Қорғас қауіпсіздігін күшейтіп, жүргізуші куәліктерін өзара тануға келісті
Бейжіңде Қазақстан мен Қытай арасындағы құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды келісімдерге қол қойылды.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов Қытай Халық Республикасына сапары барысында «Орталық Азия – Қытай» форматындағы кездесуге қатысып, ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохунмен екіжақты келіссөздер өткізді.
Кездесулер барысында екі елдің қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ шекара маңындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Сапардың маңызды нәтижелерінің бірі – «Қорғас» халықаралық орталығында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі үкіметаралық келісімнің жасалуы. Бұл құжат Қазақстан мен Қытай шекарасындағы халықаралық сауда және көлік қатынастары қарқынды дамып келе жатқан аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Қазақстан ІІМ мен ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы келісімге қол жеткізді.
Келісім қажетті ішкі рәсімдерден өтіп, күшіне енгеннен кейін Қазақстан мен Қытай азаматтары екі ел аумағында ұлттық жүргізуші куәліктерін пайдалана алады. Сондай-ақ белгіленген талаптарға сәйкес жүргізуші куәлігін қайта оқусыз және емтихан тапсырмай айырбастау мүмкіндігі қарастырылған.
Бұл бастама екі ел арасындағы азаматтардың жүріп-тұруын жеңілдетіп, көлік қатынасы мен шекарааралық байланыстарды дамытуға оң ықпал етпек.
Келісімдердің нақты күшіне ену мерзімі қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін қосымша хабарланатын болды.

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *