Еңбекшіқазақ ауданында полиция есірткі өндіруге арналған жасырын зертхананың жұмысын тоқтатты.
Аудандық полиция қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен жүргізген жедел-іздестіру шаралары кезінде саяжай алқаптарының бірінен арнайы жабдықталған үй-жайды анықтаған.
Тінту барысында құрамында химиялық заттар мен прекурсорлар бар 60-тан астам канистр, зертханалық жабдықтар және өзге де құралдар тәркіленді.
Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттардың арасынан жалпы салмағы 388,97 грамм α-PVP психотроптық заты анықталған. Алдын ала есеп бойынша, бұл шамамен 2 мың бір реттік дозаға тең.
Заңсыз өндірісті ұйымдастырды деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды. Сот оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.
Есірткі өндіріп, оны таратуға бағытталған мұндай жасырын зертханалар қоғамға үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан бұл істің барлық қатысушылары анықталып, заң алдында жауап беруі маңызды.
Бір жасырын зертхана тоқтатылды.
Сардар Әбдіжақия
Алматы облысы
![]()
