Жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың және кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мен ескертуге бағытталған іс-шараларын іске асыру мақсатында Түркістан қаласының ПБ ювеналды полиция қызметкерлері қаладағы колледж студенттеріне «Талдырма терапиясы» атты экскурсиясын ұйымдастырды.

Экскурсияға қатысушылар ювеналды полиция қызметкерлерімен бірге Түркістан қаласындағы полиция басқармасы ғимаратының уақытша ұстау изоляторын, криминалисттер бөлмелерін көрсетіп, студенттерге полиция басқармасындағы полицей-криминалисттер өз жұмыстарымен таныстырды.

Одан әрі қарай сақшылар қонақтарға заңды бұзған азаматтарды қамайтын уақытша ұстау изоляторының бейнекамераларын көрсетті. Полицейлер студенттерге жасалған қылмыстардың, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктің салдары қандай болатыны туралы түсіндірді.

Сонымен қатар, заңды бұзбай тәртіпті сақтап, салауатты өмір салтын ұстанып жүру керектігін айтты.

Аталмыш экскурсияны ұйымдастырушылардың айтуы бойынша «Талдырма терапиясы» жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мен ескерту мақсатында жүргізіледі. Тәртіп сақшылары қамаудағы адамдардың шынайы өмірін жасөспірімдерге көрсету арқылы, олардың болашақтағы құқықбұзушылыққа деген құлшыныстарын сөндіру. Мұндай сипаттағы экскурсиялар жастардың заң бұзуға деген ниетіне тоқтау салуы да ғажап емес.

Экскурсия соңында Түркістан қаласының ювеналды полиция қызметкерлері балалардың полиция өмірі, қызметі туралы қызықтырған сұрақтарының барлығына дерлік жауап беріп, жасөспірімдерге оқуда озат болулары үшін сәттілік тіледі. Өз кезегінде студенттер полицейлерге қызықты әрі танымды ақпараттары үшін алғыстарын айтып, болашақта заңды бұзбай жүруге уағдаласты.

«Астарла ақиқат» ақпарат агенттігі, Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?