Полиция қызметкерін біз көбіне формада, қызмет үстінде көреміз. Тәртіпті талап етеді, заңның сақталуын қадағалайды, қажет жерде қаталдық танытады. Бірақ қызметтен тыс олардың да өз отбасы, өз әлемі бар.
Полицей де біреудің баласы, біреудің ата-анасы. Бір үйдің әкесі немесе анасы, ұлы немесе қызы, ағасы немесе әпкесі. Оларды да үйінде сағынып күтетін жақындары бар.
Күн сайын халықтың тыныштығы үшін қызметке шығып, түрлі жағдаймен бетпе-бет келеді. Ал сол ауыр қызметтен кейін күш беретін, көңілге жылу сыйлайтын ең қымбат жандары олардың отбасы.
Қызметте олар елдің тыныштығын күзетсе, жүрегінде өз отбасының амандығын алып жүреді.
Сардар Әбдіжақия
Шымкент қаласы
![]()
