Түркістан облысының тәртіп сақшылары республикалық «Жолда қабылдау» атты 2 күндік  акциясын өткізді. ҚР ІІМ Ерлан Турғымбаевтың тікелей басшылығымен Республика бойынша ұйымдастырылып жатқан акцияға ТО Полиция департаменті де өз үлесін қосуда. «Жолда қабылдау» республикалық акциясы 5-6 сәуір күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін өтті. Акцияға облыстың 2000-ға жуық тұрғыны келіп жүгінді. Өздерінің көкейтесті мәселелері, толғандырып жүрген түрлі тақырыптағы полиция қызметіне қатысты сұрақтары бойынша тиісті жауаптарын алды. Сонымен қатар, ТО ПД-нің бастығы полиция полковнигі Қ.Дәлбеков пен оның орынбасары, полиция полковнигі Ә.Сейдуалиевте арнайы қатысып, жұртшылықтың сұрақтарына жауап берді. Акция барысында ТО ПД-нің әкімшілік полиция басқармасының, жергілікті полиция, көші-қон полиция қызметкерлері т.б полиция мамандары  халыққа қызметтер көрсетті.  Аталмыш акция Түркістан облысының  барлық аудандарында жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты -тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, сонымен қатар  полицияға деген халықтың сенімін арттыру, полицей мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту болып табылады. Көбінесе тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар: айыппұлдарды төлеу, жол жүрісін ұйымдастыру, берілген жүргізушілік куәліктер, автокөліктерді тіркеу және көші-қон қызметіне байланысты болды.  Акцияға белсенді қатысқан әрбір азаматтарға заң жинақтары жазылған арнайы түсіндірме брошюралары таратылып, қойылған сұрақтарға полицейлер тұщымды жауаптарын берді.  Аталған акция әр үш ай сайын өткізілетін болады. Өз кезегінде жоғары деңгейде ұйымдастырылған акцияға қатысқан тұрғындар, көмек көрсеткен тәртіп сақшыларына  алғыстарын айтты.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?