6 сәуір — тергеушілер күні. Жалпы, тергеу қызметі бірден аяққа тұрып кеткен жоқ. Бірнеше рет құрылып, қайтадан таратылды да. Соңында, 1963 жылы КСРО министрлер кабинетінің жарлығымен тергеу қызметі толық жасақталады. Негізінен полиция қызметкерінің жұмысы қауіп-қатерге толы екені белгілі. Ал соның ішінде тергеушілердің орны аса маңызды. Кейде ауыр қылмысты ашу үшін тәулік бойы көз ілмеуге, отбасынан жырақ кетуге тура келеді. Шымкент қаласы Полиция департаменттің үлкен мәжіліс залында жиналған тәртіп сақшылары Департамент бастығы полиция полковнигі Ералы Жумаханбетов кәсіби мерекесімен құттықтап, еңбегі еленген тәртіп сақшыларын марапаттады. Оларға департамент басшылығының алғыс хаттары мен грамоталары тапсырылды. Атап айтсақ, Департаменттің «Грамотасымен» «Қаратау» ауданы Полиция басқармасының аға тергеушісі полиция капитаны Мамуржан Абдирашидов, Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының тергеушісі полиция капитаны Руслан Аршабаев, Абай ауданы Полиция басқармасының аға тергеушісі полиция капитаны Нұрсұлтан Тастемиров, Еңбекші ауданы Полиция басқармасының аға тергеушісі полиция капитаны Бақдаулет Тұрсынбек, Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының аға тергеушісі полиция аға лейтенанты Алтынбек Қуаныш марапатталды. Сондай-ақ, Департаменттің «Алғыс хатымен» Абай ауданы Полиция басқармасының аға тергеушісі полиция капитаны Нұрсұлтан Умирзаков, «Қаратау» ауданы Полиция басқармасының аға тергеушісі полиция майоры Ғалымжан Майлышев, Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының тергеушісі полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Бархыбай, Еңбекші ауданы Полиция басқармасының тергеу бөлім бастығының орынбасары полиция капитаны Арман Туребеков, Абай ауданы Полиция басқармасының тергеу бөлім бастығының орынбасары полиция майоры Бауыржан Ендібаев марапатталды. 
Сіздерді төл мерекелеріңізбен – «Тергеушілер күнімен» жеке құрамының атынан шын жүректен құттықтаймыз! Қылмысқа қарсы күресте шыдамдылық, батылдылық және жігерлік, ал жеке өмірлеріңізде баршаңызға отбасыларыңызға бақыт, мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі, Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?