Ағымдағы жылдың 1 мен 30-шы сәуірі аралығында Маңғыстау облысында «Учаске»жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. «Учаске» жедел-алдын алу іс — шарасының мақсаты-учаскелік инспекторлардың, көші-қон, криминалдық және патрульдік полиция қызметкерлерінің, оның ішінде жедел әрекет ету бөлімшелері мен басқа да қызметтердің күшімен әрбір әкімшілік учаскеде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру болып табылады. Сонымен, ағымдағы жылдың 01 сәуірінен бастап учаскелік полиция инспекторлары тұрғындарға визит карточкаларын тарата отырып, ІІО-ның учаскелік және кезекші бөлімдерінің байланыс деректерімен бірге тұратындар туралы мәліметтерді алу үшін өз учаскелерін пәтерлерден және ауладан аралап шығады.
«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері учаскелік инспекторлар 8900-ден астам пәтерді және 1954-тен астам жеке үйлерді аралап шықты. Тұрғылықты жері бойынша ІІО-да есепте тұрған 280-ден астам адам тексерілді, сондай-ақ, 368-ден астам азаматтық қару иесі тексерілді. Іс-шара барысында жалға берілетін 1080 пәтер анықталды.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Маңғыстау облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?