Ер азаматымыз Ерсұлтаннан айырылдық, үлгілі баламыз Нұрбекті темір торға тоғыттық. Ал бұл жағдайға байланысты мектеп басшылары мен тиісті мамандарын орнынан еш кім қозғалта алмады, жауапқа да тарта алмады неге?Неге деген сұрақты 3 айға жуық уақыт кетсе де жауап ала алмай далмыз. Ал енді Мектептің үлгілі оқушысы Нұрбек туралы, қазіргі таңда Түркістан облысының апелляциялық сотына шағым түсіп, сот тергеуі басталып кеткен, Сот отырысы ашық жүріп жатыр. Алайда мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары завучтықтан мұғалім лауазымына ауыстырлған хат бар, ал ауыстырылған завуч жоқ. Себебі ол мектеп завучы орнынан жылжымағанын, сот отырысында да күә болдық. Сонда Сағындықов мырза, № ЖТ-А-63 шығыс хатында кімдерді алдамақ болған?Телеарналарда мектеп директорының жауаптарын көрдік. Мектепте ақша жинау, бопсалау, «СМОТРЯЩИЙ» болған емес дейді. Ал сондай жағдай болғанын сот дәлелдеп берген еді. Нұрбекті неге қамады? Бұл жөнінде әлі көп жазатын боламыз. Біз бен бірге болыңыз. Нұрбектің ішінде кеткен ақпаратты біле алмайтыныз рас. Алайда мектеп директоры мен мұғалімдер арасындағы, оқушылар мен ақша бопсалағандарды анықтау мүмкіндігі бар.Қайтыс болған Ерсұлтанның өліміне Нұрбек кінәлі емес деп жатқан Ерсұлтанның ата-анасыда бекерге сөз қозғамаған шығар. Әліптің артын әрине күтеміз. Бірақ білім басқармасы тарапынан әрекетсіздік пен жауапсыздықты, енді күте алмайтынымыз анық! Жалғасы бар

Сардар Әбдіжақия

Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?