2019 жылғы 15 сәуірден бастап жүргізуші куәлігін алғаш рет алатын адамдардан емтихан қабылдау тек Тараз қаласының мамандандырылған ХҚКО-да жүзеге асырылады. Жамбыл облысының аудандарында ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жүргізуші куәліктерін айырбастау және жүргізуші куәлігін жоғалтқан соң қалпына келтіру ғана жүргізіледі. Басқару құқығынан айырғаннан кейін «құқықтарды» Тараз қаласының мамандандырылған ХҚКО-нан алуға болады.
Бүгінгі таңда Тараз қаласының мамандандырылған ХҚКО теориялық емтихандарын тапсыру үшін тек емтихан сыныбы ғана нақты уақыт режимінде теориялық емтиханның тапсырылуын бақылау үшін бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Сондай-ақ практикалық емтиханды автоматты түрде қабылдауды қамтамасыз ететін автоматтандырылған автодром бар.
Бейнебақылау жүйесі мемлекеттік қызмет көрсету процесін нақты уақыт режимінде қарау арқылы теориялық және практикалық емтихандарды тапсыруды бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді- деп, Жамбыл облысы Полиция департаменті хабарлады.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Жамбыл облысы, Тараз қаласынан

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?