20 сәуірде таңғы сағат 5-те Жамбыл облысының Қордай ауданында Алматы-Ташкент автожолының 181-ші шақырымында «Тойота камри» маркалы автокөлік жолда кетіп бара жатқан жүк көлігіне соғылған.
Тас жол бойында артынан келе жатқан автобус осы автокөліктерге соғылмайын деп әрекеттенгенде, жолдан шығып құлап кеткен. Жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде сол жерде 8 адам қаза тауып, 32 адам медициналық мекемелерге жеткізілді, алған жарақаттарының салдарынан тағы да 3 адам ауруханада қайтыс болды.
Оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков, облы прокуроры Ж.Құсайынов, облыстық полиция, төтенше жағдайлар департаменттерінің, және қорғаныс істері басқармасының басшылары барды.
Апаттан құтқару жұмыстарына 50 адам және жедел-құтқару, апатты апатты медицина қызметінің және облыстық полиция департаментінің 15 техникасы, сондай-ақ ІІМ ТЖК «Қазәуеқұтқару» қызметінің тікұшағы қатысты.
Сондай-ақ, оқиға орнына ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері мен арнайы техникасы бөлінді. Әскери госпиталға 8 жәбірленуші жеткізілді.Жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы М.Жаманқұлов тәжірибелі үш хирургті алып оқиға орнына келді.Облыс әкімдігі Жедел штаб жұмысын ұйымдастырды, облыстың төтенше жағдайлар департаментінде психологтардың кезекшілігі қосылған «қауырт желі» +7(7262) 513575 и +7(7262)514167 құрылды.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша ІІМ мен облыстың полиция департаменті қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Автокөліктер жүргізушілерінің кінәсі тергеу барысында сот-сараптамасының қорытындысы ескеріле отырып, анықталатын болады.

ҚР ІІ министрлігі баспасөз қызметі.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінен

Жамбыл облысы

сурет әлеуметтік желіден жүктелді
______________________________
ДЛЯ РОДСТВЕННИКОВ ПОТЕРПЕВШИХ В ДТП В КОРДАЙСКОМ РАЙОНЕ РАБОТАЮТ «ГОРЯЧИЕ ЛИНИИ»
20 апреля около 5 часов утра в Кордайском районе Жамбылской области, на 181 км автодороги Алматы-Ташкент произошло столкновение машины марки «Тойота камри» с двигавшемся в том же направлении грузовым автомобилем.
Следовавший по трассе пассажирский автобус, избегая столкновения с вышеуказанными автотранспортными средствами, совершил опрокидывание. В результате ДТП на месте погибло 8 человек, 32 человека были доставлены в медицинские учреждения, где от полученных травм скончались еще 3 человека. На место происшествия выехали первый заместитель акима области Б.Орынбеков, прокурор области Ж.Кусаинов, начальники областных департаментов полиции, по чрезвычайным ситуациям и управления по делам обороны.
В аварийно-спасательных работах задействованы порядка 50 человек и 15 единиц техники оперативно-спасательных служб, медицины катастроф и полиции области, а так же вертолетная техника «Казавиаспас» КЧС МВД. Также на место происшествия от Министерства обороны РК были выделены военнослужащие и спецтехника. В военный госпиталь доставлено 8 из общего количества пострадавших.
Для оказания медицинской помощи пострадавшим в ДТП на место прибыли начальник управления здравоохранения области М. Жуманкулов с тремя опытными хирургами.Акиматом области организована работа оперативного штаба, в департаменте по чрезвычайным ситуациям области созданы «горячие» линии с дежурством психологов +7(7262) 513575 и +7(7262)514167.Начато досудебное расследование по факту дорожно-транспортного происшествия по ст. 345 ч.4 Уголовного кодекса Республики Казахстан. По поручению министра внутренних дел создана следственно-оперативная группа из числа сотрудников МВД и департамента полиции области.Вина водителей автотранспортных средств будет установлена в ходе расследования с учетом заключения судебных экспертиз.
Пресс-служба МВД РК

информационное агентство «Астарлы акикат» фото с интернета

Жамбылской области

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?