Полицейге сұрақ?Полицейге сұрақ. Неге баланың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іске жауап алар кезде, кәмілеттік жасқа толмаған оқушы балалардан, психологтың, мұғалімнің қатысуынсыз жауап алынған?
Сол кәмілеттік жасқа толмаған оқушы балалар, сотта берген жауаптарында, «бізді қорқытып қол қойғызды, біз берген түсініктемені, компьютерге жазып, болған соң өзімізге оқытпады»- деген сөздері қаншалықты дұрыс? Бақылайтын басшысының назарын аударуды сұраймын?
Бір оқушының өліміне байланысты, өзінен кіші сыныпта оқитын оқушыны қамады. Жарайды, бірақ, тергеу кезінде берген жауаптарында көрсеткен, Шымкент қаласы, «Қайнарбұлақтағы Металлург аялдамасындағы, еш кім тұрмайтын жерден Н есімді бала мен ҚАРУ тауып алып, СУРЕТКЕ ТҮСКЕНБІЗ, ҚАРУДЫ АЛҒАН ЖЕРГЕ ҚАЙТА ТАСТАП КЕТТІК. ағаштан жасалған ұрғышты папам отқа жағып жіберген»- деп жауап береді. Айдың, күннің аманында қандай ҚАРУ КӨШЕДЕ жатыр, ешкім қызығып іздеп, оған бола іс қозғамағаны қызық екен. НЕГЕ СОЛ КҮЙІНШЕ ҚАЛҒАН?
Көшеде қару жатады, ешкім таппаған, көрмеген қаруды мектеп оқушылары тауып алып, суретке түсіп, қайта орнына тастап кететін жағдай бойынша еш әрекет көріп тұрғаным жоқ. Бір отбасыдағы баланың папасы, қару болмаса да, ағаштан жасалған ұрғышты отқа жағып, көзін жояды. Полицей көшеде жатқан қаруды неге іздемейді, ЖОЙМАЙДЫ?
ӘЛДЕ БАСҚА ОҚУШЫЛАР ДА ТАУЫП АЛЫП СҮРЕТКЕ ТҮССІН ДЕП БЕЙЖӘЙ ОТЫРМЫЗ БА?ОҚУШЫЛАР ТАПҚАН ҚАРУДЫ ПОЛИЦЕЙ ТАППАСА ҚЫЗЫҚ ЕКЕН…
Содан соң сол түсінік, жауап алған жасы кәмілеттік жасқа жетпеген балалар мен солардың ата-анасынан жауап аларда неге аудармашы берілмеген. Олардың Өзбекстаннан көшіп келген қазақ қандастарымыздың өзбек тілінде оқығандарын неге ескермеген?Әзірге осы бойынша жауап беріп, қаруда балалардың тастап кеткен жерінен барып алсаңыздар немесе іздеуге кіріссеңіздер ертерек. Егер іздеуге арыз керек, арыз болмаса жата береді десеңіздер, мен жазып берейін немесе өзім іздеуге кірісейін.
Думан Нұртаза

Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?