2019 жылдың 21 сәуірінде ІІМ-нің еңбек сіңірген қайраткері, ІІМ-нің Құрметті ардагері, заң ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, профессор, отставкадағы әділет генерал-майоры
Дуабеков Темірхан Дуабекұлы өмірден озды.
Темірхан Дуабекұлы 1937 жылдың 20 қаңтарында Павлодар облысы баянауыл ауданы Саржал ауылында туған.
1956 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет етті: КСРО ІІМ Алма-Ата арнайы орта мектебін үздік аяқтаған, әр жылдары қылмыстық іздестіру, СМҰКБ (ОБХСС) жедел уәкілі болды, Павлодар облысы ҰҚКБ СМҰКБ аға жедел уәкілі болып жұмыс істеді. 1962 жылы КСРО ІІМ Мәскеу жоғары мектебін тәмамдады.
1966 жылдың маусымынан бастап Қазақ КСРО ішкі істер органдарында түрлі басшы лауазымдарын атқарды: Павлодар облысында: ҰҚК СМҰКБ бастығы, 1969 — облыс ІІБ кадр бөлімі бастығының орынбасары, 1974 — облыс ІІБ СМҰКБ бастығы, 1976 жылдан бастап облыс ІІБ бастығының орынбасары.
Қызыл-Орда облысында: 1985—1987 жылдары СМҰКБ бастығы, облыс ІІБ бастығының орынбасары. Оңтүстік Қазақстан облысында 1987—1993 жылдары облыс ІІБ бастығы. «Милиция генерал-майоры» атағы 1992 жылдың 17 қыркүйегінде берілді.
1993—1996 жылдары ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің бастығы.
1996 жылы отставкаға шықты. Инновациялық Еуразия университеті Құқық, тарих және социология департаментінің профессоры. Президиум мүшесі, Павлодар облысы Ішкі істер департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы. Павлодар облысында «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдігінің жетекшісі.
1996 жылы кандидаттық диссертация қорғады. 20 ғылыми еңбектің авторы:
Ол келесідей марапаттарды иеленген: «Кеңестік милицияға 50 жыл», «Еңбек ардагері», «Қоғамдық тәртіпті сақтаудағы үздік қызметі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» КСРО медальдары, КСРО ІІМ және Қазақ КСР Құрмет грамоталары, «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» 3 дәрежелі медаль, қылмыскерлер басып алған автобустағы кепілге алынғандарды құтқару операциясын ойдағыдай өткізгені үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы (1992) , «Құрмет» ордені, «Милиция үздігі» «ІІМ еңбек сіңірген қызметкері» омырау белгілері.

Біз жақындары мен туыстарының қайғысына ортақпыз, Темірхан Дуабекұлы кәсіби деңгейі, жауапкершілігі жоғары, өмірді қалтқысыз сүйе білген, қуаты мен қажыр – қайраты үлгі тұтарлық адам ретінде жүрегіміз бен жадымызда мәңгі сақталады.

Павлодар облысы Полиция Департаментінің басшылығы, жеке құрамы және ІІО мен ұлттық гвардия Ардагерлер кеңесі ІІМ-нің еңбек сіңірген қайраткері, ІІМ-нің Құрметті ардагері, заң ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, профессор,
отставкадағы әділет генерал-майоры
Дуабеков Темірхан Дуабекұлының

өмірден озуына байланысты туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз

ІІМ-нің Құрметті ардагері, заң ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, профессор, отставкадағы әділет генерал-майоры Дуабеков Темірхан Дуабекұлымен қоштасу 2019 жылғы 23 сәуірде сағат 10.00-де Естай атындағы ММҮ-де өтеді.

Прощание с Заслуженным работником МВД, Почетным ветераном МВД Республики Казахстан, кандидатом юридических наук, членом- корреспондентом Академии естественных наук Республики Казахстан, профессором, генерал-майором юстиции в отставке Дуабековым Темирханом Дуабековичем состоится 23 апреля 2019 года в 10.00 часов в ГДК им. Естая.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Палодар облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?