2019 жылдың 9 сәуірінде сағат 15.50 шамасында кезекші бөлімге жергілікті тұрғындардан жас қыздың жардан суға секірмек болғанын көргені туралы хабарлама келіп түсті. Оқу-жаттығу өткізуге Шардара қаласына іссапармен барған Шымкент қаласы және Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полиция және техникалық қызметті ұйымдастыру бөлімінің ерекше тапсырма бойынша аға инспекторы полиция капитаны Кеңес Сейтханович Ерімбетов пен әріптесі Әбдірашит Сержан Шардара қаласында орналасқан Шардара су қоймасы объектісінен 500 метр қашықтықта бір азаматшаның суда ағып бара жатқанын көріп, дереу артынан суға түсіп қызды құтқарған. Шымкент қаласының мамандырылған күзет қызметінің полицейлері өзін-өзі өлтірмекші болған жас қызды құтқарып қалғаны үшін, Шымкент қаласы полиция департаменті басшысы , полковнигі Ералы Жұмаханбетов тарапынан, Сейтханович Ерімбетов пен әріптесі Әбдірашит Сержандарға алғысын айтып, марапаттады.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?