Дәстүрлі байқау жалғасын тапты.

2019 жылдың 28-29 сәуірі аралығында Тараз қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің жол-патрульдік полиция батальонында «Үздік маман — 2019» байқауы өткізілді.

— «Байқаудың негізгі мақсаты – жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті сақтауды, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыруда білімдерін, дағдыларын жетілдіру болып табылады. Дәстүрге айналған бұл іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы Жол-патрульдік полиция батальонынан 5 қызмет инспекторы және Тараз қаласы Полиция басқармасынан 5 қызмет инспекторы қатысып, бақ сынасты. Кәсіби біліктіліктерін көтеруде, қызметте жан-жақтылықтарын дамытуда аталмыш шараның атқарар рөлі зор деп ойлаймын» — дейді Жол-патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары полиция майоры Дәулетбек Жанғабылов.

Екі күнге белгіленген байқаудың алғашқы күні қатысушылар қызметтік жұмысты реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуге арналған тестілеу түріндегі сынақ, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Қылмыстық, Қылмыстық-процестік кодекстерінің және Жол жүрісі қағидаларының негізгі нормаларын білуге арналған емтихан тапсырып, атыс даярлығы, сондай-ақ, көше қиылысында жол қозғалысын практикалық реттеу, көлік құралдарын жылдамдықпен маневрлеу бойынша сынға түсті. Келесі күні алғашқы медициналық көмек көрсету, дене шынықтыру даярлығы және қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін меңгеру бойынша сынақ тапсырды. Қызметкерлер аталған кезеңдердің талаптарын кәсіби деңгейде орындай білді.

Іріктелген қызметкерлердің арасында жарыстың барлық талабтарын орындап, үздік нәтиже көрсеткен қалалық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің жол-патрульдік полиция батальонының 3-рота 1- взводының қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Төлеби Тұрсынбеков бірінші орынға лайықты деп танылса, ал екінші орын Полиция департаменті ЖПҚБ ЖППБ 1-взводының қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Ерболат Әуезханға бұйырды. Жүлделі үшінші орынды Тараз қ. ПБ ЖПҚБ ЖППБ 1-рота 1-взводының қызмет инспекторы полиция лейтенанты Ерболат Қауынбаев еншіледі. Жеңімпаздар «Үздік маман» атағымен қатар, ұйымдастырушылар тарапынан кубок және грамоталармен марапатталды.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?