Жетісай ауданындағы орналасқан, Т. Рысқұлов атындағы №17- қазіргі таңда 20- ЖОМ КММ-ның 2018 жылғы түлектерінің 3 оқушы сабаққа қатыспағаны және сол оқушыларға БАҒА ҚОРЫТЫЛМАСТАН АТТЕСТАН АЛҒАНдығы туралы ақпараттар естіп ЖАҒА ҰСТАП ЕДІК. Алайда оданда сұмдық оқиғалар орын алып жатқаны туралы хабардар болдық. Атап айтар болсақ, аталған мектептің, Түркістан облысының білім саласындағы бақылау департаменті тарапынан кезектен тыс тексерілу жұмыстары жүргізіліп бұл оқиғаны растайтын және оданда басқа кемшіліктерді анықтағаны туралы ақпараттар редакциямызға келіп түсті.
Бұл мектепте орын алған, Түркістан облысы білім саласындағы бақылау басқармасы тарапынан анықталған кемшіліктер бойынша, арнайы ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТҚАНДЫҚТАН, кейінірек хабарланатын болады. Зерттеу нәтижесінде толық ақпараттар мен, сіз оқырмандарды, «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі хабардар етеді.
Жетісай ауданындағы Т. Рысқұлов мектебінде орын алып жатқан жағдайлар әлі күнге дейін өз «қойылымдары» мен танылып келе жатқанына көз жеткізіп отырғандықтан, бір топ ата- ананың арызына сәйкес, сол ата-аналардың бейне жазбалары мен өтініштері редакцияға келе бастады. Қазіргі таңда аталған мектеп директорының кабинетінде, сол МЕКТЕП МҰҒАЛІМІН БІР АТА- АНА ҰРЫП, дене ЖАРАҚАТТАРЫН КЕЛТІРГЕНІ туралы хабарлама алдық. Алайда сол мұғалімді мектеп директоры кабинетінде ҰРҒАН ата-ана, бүгіңгі таңда СОЛ АТА- АНА, МҰҒАЛІМДІ ҰРҒАНЫ АЗДАЙ СОТҚА БЕРГЕН!
Ал, сотта бір топ ата- аналар жиналып, «бір мұғалімді мектеп директоры, білім бөлімі, аудан басшылығы қорғай алмаса, біз қорғаймыз»- деп, сотқа келген. Алайда сотта ата- аналарды сотқа қатыстырмағаны түсініксіз болып тұрғаны…
Ол ата- аналар, Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қабылдауына да барып қайтқандарын айтты. «Егер енді бір МҰҒАЛІМДІ ҚОРҒАЙ АЛМАСА біз ата- аналар, ПРЕЗИДЕНТКЕ ЖАЛАҢАЯҚ БАРАМЫЗ!»- деп отыр. Бұл сот отырысының алдында да 25 ке жуық ата- ана менің қалта телефонымды тауып алып, наурыз айларында біз КӨТЕРІЛІС ЖАСАЙМЫЗ, президентке жалаң аяқ барамыз деген сынды сөздерді көп айтып, ашуланған болаты. Мен ол ата- аналарды сабырға шақырып, өз тарапымнан тиісті жұмыстар жүріп жатқанын айтып келген болатынмын.
Ия рас, мен Жетісай ауданындағы аудандық білім бөлімі басшысына да кіріп, болған оқиғаны айтқан болатынмын. Оған қоса, МЕКТЕПТЕГІ АҚША ЖИНАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ АЙТЫП, ТИІСТІ ШАРА ҚОЛДАНУЫН СҰРАП, сұранысым сорайып қалғанына көз жеткіздім. Ал, № 20- Т. Рысқұлов мектебінің жаңадан соғылған ғимаратында оқу және жұмыс жасау үшін, 20- 30 МЫҢНАН ЖИНАП, беруі керектігі туралы аудио жазбалар да қолыма келген. «ТАПҚАНЫҢДЫ ӘКЕЛІҢДЕР»- деген адамдарды да, ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ білім бөлімі БАСШЫСЫНА айтып, 1 аудиожазбасын тыңдатқанда болатынмын. АЛАЙДА аудандық БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫ қаһарсыздық танытса керек, сұрақтарым желде ғана жауапсыз ұшып кеткендей болды. Нәтиже көрмедім!
Ал сол сотта жауапқа тартылып жатқан мұғалім сот отырысына жиналған бір топ ата- ана бір қаншама ақпараттарды баяндап беріп ТАҢ ҚАЛДЫРДЫ!
Бір ата- ананың ішіндегі жасы 70 ке келген әженің, «Дамира деген мектеп директоры ата- аналарды адам орнында көрмейді, оның ақшасы көп болса бізде долларлар жоқ!», «ол директор, ҚҰДАЙДЫ САТЫП АЛАМЫН»- деп айтқан дейді. Алайда ҚҰДАЙДЫ САТЫП АЛАТЫН ДИРЕКТОР туралы өмірімде бірінші рет естіп, денем жыбырлап, ТОБА ДЕУДЕН басқа СӨЗ ТАППАЙ ҚАЛДЫМ.
Ал әженің, «ҚҰДАЙДЫ САТЫП АЛАМЫН»- деген Дамира есімді директор, оқушылар мен ата- аналардан 100 000 тң сыйақыны ақшалай алғаны туралы ата- аналар хор болып айтып берді.
Ол 100 000 тң сыйақы мен мектепте жиналатын ақшаларды тексеретін органдар бар болар, бірақ сот есігінің алдында жиналаға аналар, жақында ғана «БОЛЬНИЧНЫЙ»да жүрген мектеп директоры, түңгі сағат 11-12 шамасында директор және завуч мектеп ішінде болғаны туралы айтып қалды. Айтуларынша, болған жағдайды аудандық білім бөліміне хабарланып, білім бөлімі тарапынан екі адам келіп, оларды мектептен шығарған. Ал оны бейне жазбаға түсіріп те алғандарын жасырмады.Демек, астарында аюдай жасырынған ақпараттар көп екені туралы күдік көңілге кірбің салары айқын!
Бұл ақпараттар туралы тағы да, ақпаратты зерттеу жұмыстары аяқталған соң толық қанды жариялайтын боламын.

(жалғасы бар) сурет шартты

Сардар Әбдіжақия

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?