Прокуратура органдарының ардагері Мүсәлі Жорабайұлы жақында
90 жасқа толған мерейтойын атап өтті. 
1929 жылы 1 мамырда қазіргі Түркістан облысы Мақтаарал ауданында дүниеге келген Мүсәлі аға Ұлы Отан соғысы жылдарында 12 жасынан колхозшы болып еңбек жолын бастап, 1994 жылы аға заң кеңесшісі (юстиция полковнигі) шенінде зейнеткерлікке шықса да прокуратурадан қол үзбей, жас заңгерлерге үлгілі тәлімгер болып келеді.
Прокуратураға 45 жыл еңбек сіңіріп, одан кейін мектептерде, қоғамдық ұйымдарда дәріс оқып, «Сарыағаш» газетінде «Кейінгілер біле жүрсін», «Жақсылар», «Жастарға да сөз арнайық» деген тәрбиелік мәні зор мақалалар мен естеліктер топтамасын жариялауды жалғастырып, жастарды тіл мен дінге де бет бұруға тәрбиелеудегі үлесі үшін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталған.
Мүсәлі аға 1998 жылдан бері Сарыағаш аудандық ел ағалары алқасының төрағасы және Сарыағаш, Ордабасы, Қазығұрт пен Мақтаарал аудандарының «Құрметті азаматы» атақтарының иегері.
1955-1986 жылдар аралығында Созақ, Сарыағаш, Келес, Бөген, Ленин аудандық партия комитеттері құрамына, Халық депутаттары аудандық кеңестері депутаттығына үзбей сайланған.
Созақ, Келес, Сарыағаш және қазіргі Шардара, Ордабасы мен Қазығұрт аудандарында заңдылықты нығайтып, экономикаға, мәдениетке қосқан еңбектері ескеріліп, 2 рет Оңтүстік Қазақстан облыстық кеңесі халық депутаттарының, бір рет облыстық партия комитетінің, бір рет облыстық білім қоғамының, үш рет КСРО және Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры мен мемлекеттік қызметкерлері кәсіподақтарының Орталық Комитетінің мақтау грамоталарымен марапатталған.
Қазіргі таңда Мүсәлі Жорабайұлы 4 ұлы мен 5 қызынан 18 немере, 14 шөбере сүйіп отырған бақытты да абыройлы абыз. 
Облыс прокуратурасының ұжымы құрметті де ардақты мерей той иесін шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, әулетіне амандық пен бақ-береке тілейді! Ғибратты ғұмыры өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге бола берсін!

Түркістан облысының прокуратурасы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?