Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылық құрамы жүгінген азаматтардың өтініштеріне бейжай қарамайды. Халықпен тығыз қарым-қатынаста байланыс жасау мақсатында Департамент бастығы полиция полковнигі Ералы Мұсаәліұлы Жұмаханбетов кестеге сәйкес әр аптаның сәрсенбі күні сағат 16.00-де жеке қабылдайды әрі заман ағымына сай әлеуметтік желідегі Фейсбук және Инстаграм парақшаларында https://www.instagram.com/eralyzhumakhanbetov/ және https://www.facebook.com/eraly.jymahanbetov онлайн-байланыс жасайды. Қабылдауға жазылу үшін 8 (7252) 99-66-39 нөміріне қоңырау шалу қажет.
Сондай-ақ, Департамент бастығының орынбасарларына да жеке қабылдауға жазылып, әлеуметтік желідегі парақшаларына өз мәселелері бойынша сұрақтарын қойып, жауаптарын ала алады. 
Департамент бастығының бірінші орынбасары Криминалдық полиция, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармаларының сұрақтары бойынша полиция полковнигі Арман Арун-Рашидович Бейсенбаев әр аптаның жұма күні сағат 16.00-ден 19.00-ге дейін жеке қабылдайды. Фейсбук әлеуметтік желідегі парақшасыhttps://www.facebook.com/profile.php?id=100011405606051. Қабылдауға жазылу үшін 8 (7252) 97-67-00 нөміріне қоңырау шалу қажет.
Полиция полковнигі Алмас Балтабайұлы Әмзеев әр аптаның бейсенбі күні сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін азаматтарды жеке қабылдайды кадр мәселесіне, қоғаммен және БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік жасайды және Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында https://www.facebook.com/profile.php?id=100004908669799 байланыс жасауға болады. Қабылдауға жазылу үшін 8 (7252) 97-65-75 нөміріне қоңырау шалу қажет.
Полиция полковнигі Мұрат Ерназарұлы Алтаев әр аптаның сейсенбі күні сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін жеке қабылдап, көші-қон және қаржы, мемлекеттік сатып алу, техникалық және тылды қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүгінуге болады және Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында https://www.facebook.com/profile.php?id=100035291477513 байланыс жасауға болады. Қабылдауға жазылу үшін 8 (7252) 97-67-74 нөміріне қоңырау шалу қажет.
Криминалистика, анықтау және тергеу мәселелері бойынша полиция полковнигі Нуриддин Абілханұлы Дауылбаев әр аптаның жұма күні сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін жеке қабылдайды. Қабылдауға жазылу үшін 8 (7252) 97-67-74 нөміріне қоңырау шалу қажет.
Полиция полковнигі Сырым Жүсіпахметұлы Абдуллаев әр аптаның бейсенбі күні сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін жеке қабылдайды. Ол Жергілікті полиция қызметінің, Әкімшілік полиция басқармасының және күзет қызметін бақылау бөлімінің жұмыстары бойынша мәселелерді қарайды. Қабылдауға жазылу үшін 8 (7252) 97-65-75 нөміріне қоңырау шалу қажет.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агентігі

Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?